National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы комиссиялар

Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия 1992 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және қалпына келтіру туралы,сондай-ақ қазақстандық азаматтықтан шығу  туралы материалдарды алдын ала қарау үшін құрылған.

Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Комиссияның қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығымен бекітілген Ережемен реттеледі.

Комиссияның құрамына: төраға, оның орынбасары, хатшы,  сыртқы істер, ішкі істер, әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Парламент депутаттары, сонымен қоса Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы кіреді.

Осылайша, Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы және Ішкі істер, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы кіреді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі ­Комиссияның төрағасы болып табылады.

Комиссияның құрамы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітіледі.

Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі және оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан ретте құқылы болып саналады.

Комиссияның шешімі оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуі болып табылады.

Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделіп, оған отырысқа қатысқан оның барлық мүшелері қол қояды.

Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі болып табылады, ол азаматтық және саяси баспана беру мәселелері жөнінде ұсынылған материалдарды Комиссияның және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауы үшін дайындайды.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның

ҚҰРАМЫ

 

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі - төраға;

2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - төрағаның орынбасары;

3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі - хатшы;

4) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша);

5) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша);

 

Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы кіреді.

 

 

Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару