National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Нұрсұлтан Назарбаев қалалық «Жастар» саябағында болды

2016 жылғы 19 қыркүйек

Мемлекет басшысы саябақты жаңарту және абаттандыру жұмыстары барысымен танысты.

Қазақстан Президенті қала тұрғындарының мәдени-көпшілік демалысы үшін мейлінше жағдай жасаудың маңыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар, Елбасы өңірдегі жұртшылық өкілдерімен кездесті.

– Облыстың шекара бойында орналасуы экономиканың көлік-логистика және электр энергетикасы салаларын дамыту қажеттігін талап етеді. Бүгінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылып, менің тапсырмаларымды облыс әкімінің тиянақты орындауының арқасында бұл салалар қарқынды дамуда. Өңірдің әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы табыстарын да айтпай кетуге болмайды. Сонымен бірге халқымыздың тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістігінің тағы бірі – бейбітшілік пен ұлтаралық келісімнің сақталуы деп санаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Қала тұрғындары облысқа қамқорлығы және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді мемлекеттік саясаты үшін Елбасыға алғыстарын айтты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев баршаға зор денсаулық және еңбектеріне табыс тіледі.

 

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін Алматы облысына сапарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Елбасы өзінің 2014 жылы берген тапсырмаларының уақтылы орындалып жатқанын атап өтті.

– Алматы облысы – еліміздің көрікті өңірінің бірі және ауыл шаруашылығы дақылдарының көптеген түрін өндіретін аса маңызды аймақ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қаланың абаттандырылуы жақсара түскенін айтты.

– Жаңа әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының пайдалануға берілуі еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қала тұрғындары үшін тамаша сыйлық болды. Индустрияландыру бағдарламасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасының одан әрі іске асырылуы экономикамыздың дамуына, соған орай халықтың тұрмыс деңгейінің артуына септігін тигізеді, – деді Мемлекет басшысы.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің